Мейірхат Қасымбаев еліміздің батыс өңірлеріндегі автожолдар туралы айтып берді

Мейірхат Қасымбаев еліміздің батыс өңірлеріндегі автожолдар туралы айтып берді

Мейірхат Қасымбаев еліміздің батыс өңірлеріндегі автожолдар  туралы айтып берді

ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев Батыс Қазақстан өңіріне жұмыс сапары аясында Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында биылғы жол-құрылыс маусымында қандай жобалар атқарылатынын атап өтті.

Ақтөбе өңірі бойынша

Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1 869 шақырым. Оның 67 % (1257 шақырымы) жақсы және қанағаттандырылалық деңгейде болса, 16 % (301 шақырымы) сын көтермейді.

Қайта жаңғырту жұмыстарымен қамтылатын жолдар

Биыл өңір бойынша қайта жаңғырту жұмыстарымен 311 шақырым жол қамтылады. Бұл 17 % құрайды. Оған «Ақтөбе – Қандыағаш»; «Қандыағаш – Мақат» учаскелері жатады. Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттама екі учаске бойынша жүргізілуде. Олар «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» және «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз – Қостанай облысы шекарасы».

Орташа жөндеу жұмыстары

Осы жылы орташа жөндеумен жұмыстарымен « РФ шекарасы (Самара бағыты) – Шымкент» және «Ақтөбе – Мәртүк – РФ шекарасы (Орынборға)» жолдары қамтылады (68 шақырым)

Атырау облысы бойынша

Атырау облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1 126 шақырым. Оның 50 % (460 шақырым) жақсы және қанағаттандырылалық деңгейде болса, 16 % (181 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Қайта жаңғырту жұмыстарымен қамтылатын жолдар

Қазір облыс жолдарының 34 % немесе 385 шақырымы қайта жаңғыртылады. Олардың қатарында «Қандыағаш-Мақат» и «Атырау-Астрахань» бар. «Ақтөбе-Атырау» жолы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Орташа жөндеу жұмыстары

70 шақырымды құрайтын 2 жоба («Махамбет-Хамит Ерғалиев» және «Атырау-Ақтөбе») учаскелері орташа жөндеуден өтеді.

Батыс-Қазақстан облысы бойынша

Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1 414 шақырым.  Оның 69% (984 шақырым) жақсы және қанағаттандырылалық деңгейде болса, 14 % (182 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Қайта жаңғырту жұмыстарымен қамтылатын жолдар

А-30 «Подстепное – Федоровка –  РФ шекарасы» қайта жаңғырту жұмыстарынан өтіп, «Атырау-Орал» тас жолы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылатын жолдар

Өңірдегі 248 шақырым жол күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Ол 17% құрайды. Оларға 2 телім тиесілі - «Қазталовка - Жәнібек – РФ шекарасы» и «Өнеге-Бисен-Сайхин». 

Орташа жөндеу жұмыстары

5 жоба орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Олар «Хан Орда ауылына кіреберіс жол», «Орал-РФ шекарасы (Бұзылық бағыты)» және  «РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент» (3 учаске).

“Батыс өңірлерінде тұратын тұрғындарымыздың шағымдары өте орынды әрі обьективті. Ескере кету керек, өңірде жол құрылысына қажет инертті материалдар тапшы. Бұл мәселе құзырлы органдармен бірлесе шешілуде. Биыл 1200 шақырымнан астам жолды жөндеуден өткізуді жоспарлаудамыз. Мердігер ұйымдардың қызметін бақылау жұмыстары күшейтілді. Сонымен бірге «Казахавтодор» ЖШС-не жолды күтіп ұстау жұмыстарының сапасын арттыру тапсырылды. Жолды жүйелі түрде күтіп ұстау маңызды”,- деді ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Еске сала кетейік, ел тұрғындарының республикалық маңызы бар жолдарға қатысты барлық сұрақтары үшін 1403 қысқа нөмірі жұмыс істейді.