icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2022 жылы Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға берілмек

Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары басталды. Мәселен, биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысы бойынша 4 жоба қолға алынды. Олардың қатарына "Күрті-Бурылбайтал"; "Күрті-Қапшағай"; "Үшарал-Достық"; және Шамалған станциясының айналма жолы жатады.

"Күрті-Бурылбайтал" жобасы бойынша 2152-2295 км аралығы (143 шақырым) жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, "Күрті-Қапшағай" (67 шақырым) жобасы бойынша бір бағытта қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "Үшарал-Достық" (180 шақырым) тас жолында қозғалыс ашылады.

Қазір Шамалған станциясының айналма жолында (ұзындығы 6 км) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан пайдалануға берілмек.

ҚазАвтоЖол ҰК " АҚ баспасөз қызметі