Республикалық маңызы бар 8 мың шақырым жолда жол таңбасы жаңартылды

Республикалық маңызы бар 8 мың шақырым жолда жол таңбасы жаңартылды

Республикалық маңызы бар 8 мың шақырым жолда жол таңбасы жаңартылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы ауқымды көктемгі тазалау жұмыстарын бастап кетті. "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ филиалдары республикалық маңызы бар трассаларда көктемгі тазалау жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде. Күн сайын жұмысқа 1 мыңға жуық жол қызметкері мен 700 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда.

Мәселен, күн райы жылынған уақыттан бастап трассаларда жол таңбалары қалпына келтіріліп, жаңартылып жатыр. Жол таңбалары республикалық маңызы бар 8 мың шақырым жолда жаңартылды. Жол таңбасын жаңарту үшін жарық шағылыстыратын шыны ұнтағы бар арнайы лакты бояу қолданылады.

Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ филиалдары жол жиектерінен және демалыс алаңдарынан қоқыстарды жинау, тротуарлық бөліктерді, жол қоршауларын жуу, жол белгілерін ауыстыру, жасанды кедір-бұдырлықты орнату және т. б. жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жол бойында орналасқан сервис нысандарына да ерекше назар аударылды. Сервис объектілерінің иелері өздеріне тиесілі учаскелерді ретке келтіру жұмыстарын қолға алды.

Ақаулар анықталып, көктемгі тазалау жұмыстарына көңіл толмаса республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылар "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына, яғни 1403 қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған барлық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдар ашық.

 

 

ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі