icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Р7 республикалық трассасы арнайы элементтермен жабдықталды

Жол-құрылыс жұмыстарынан басқа, "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ республикалық маңызы бар жолдарды абаттандырып жатыр. Жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Мәселен, "Бурабай аймағы" Р7 автомобиль жолының тік бұрылыстарында жол таңбасына қосымша КД-3 заманауи жарық шағылыстыратын элементтер орнатылды. Олар жолдың немесе жолақтардың шекараларын белгілеу үшін қажет. Көлік жол жолағынан шығып кеткен жағдайда, заманауи құрылғы арнайы сигнал береді. Бұл өз кезегінде жол-көлік апатын алдын алуға септігін тигізеді.

Бұдан басқа, КД-3 элементі түнгі уақытта жолдағы көрінуді жақсартып, жолдарды қауіпсіз етеді.

Элемент берік материалдан жасалған.

ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі