Маңғыстау өңірінде шаңды дауылдың соғуына және көріну қашықтығының төмендеуіне байланысты төмендегі республикалық маңызы бар тас жолдың учаскесінде автокөліктің барлық түріне уақытша шектеу енгізілді:
- "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының" Шетпе-Жетібай» учаскесі км 643 -705
Штаттан тыс жағдай туындаса ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс жасайтын колл-орталығына хабарласу қажет. Байланыс нөмірі 1403.