Түркістан облысының тас жолында үш бірдей жер үсті жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынды

Түркістан облысының тас жолында үш бірдей жер үсті жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынды

Түркістан облысының тас жолында үш бірдей жер үсті жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынды

Жол-құрылыс жұмыстарынан басқа "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ

республикалық маңызы бар жолдарды абаттандырып жатыр. Жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында  жаяу жүргіншілерге арналған үш бірдей жер үсті өткелдері орнатылды.  Оның бірі Шарапхана ауылында (754 шақырым), қалған екеуі Ащыбұлақ ауылында (764 шақырым және 766 шақырым) орналасқан.  Бұл -  жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған тиімді шара.

 

Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымыздың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінеді.  Осылайша, орнатылған  өткелдердің әрқайсысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар мен көтергіштер орнатылды.  Түнгі уақытта нысандар электр жарығымен қамтамасыз етілмек.  Алдағы күндері іргелес аумақты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары басталады.

 

 Еске салайық, жер үсті өткелдері жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша салынды.  Өткен 2021 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін құрылыс жұмыстары басталды. Биылға мамыр айында бұл үш нысан қолданысқа берілмек.