icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған". ҚазАвтоЖол қызметтік тергеу бастады.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ “Алматы-Өскемен” тас жолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеуге бастамашылық жасады. Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады. Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалды. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қ. "Каздорпроект" ЖШС әзірледі және "ҚазАвтоЖол" филиалы – "Құрылыс дирекциясы", "ГК Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты.

Осындай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын-алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдерінде ревизия жүргізіліп жатыр.

Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды, учаске әлі де жабық тұр. 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Еске салайық , оқиға 22.05.2022 ж. сағат 16.45-те "Алматы-Өскемен" тас жолында (393 және 395 шақырымдарында) орын алды.

 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі