Қажымұрат Ібрайұлының дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының атынан көңіл айтамыз.
Қажымұрат Ібрайұлы еліміздің одан әрі дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға. Өмірден көргені мен түйгені мол жан болды. Саналы ғұмырын темір жол саласындағы қызметке арнады. Жергілікті басқарудың бірнеше сатысынан өткен, мемлекеттік басқарудың қыр-сырын білетін білікті басшы бола білді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған отбасына амандық тілейміз.