icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Атырау-Астрахань тас жолының 9 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілді

Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань" күре жолының жалпы ұзындығы 277 құрайды. Бүгінде оның 217 шақырымында ауқымды жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Биылға жылдың 5 маусымында аталмыш трассаның 9 шақырымында (4 учаске) қозғалыс ашылды. Бұл 833-824 шақырымдары аралығы. Қазіргі таңда жолдың 69 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілді. Жақын арада тағы 25 шақырым жолды ашу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жол-құрылыс маусымында "Атырау – Астрахань" тас жолының басым бөлігінде қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Жол жұмысшылары мен арнайы техника тапшылығы жоқ. Бүгінгі күні құрылыс материалдары толық көлемде жеткізілуде.

"ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметі