icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Меркі-Шу-Бұрылбайтал" тас жолының құрылысы аяқталуға жақын

Жамбыл облысында орналасқан  "Меркі-Шу-Бұрылбайтал" республикалық маңызы бар күре жолын қайта жаңғырту жұмыстары 85%-ға аяқталды. Жоба аясында 19 көпір мен жол өтпелдері, 276 су өткізу құбыры және 5 млн.текше метрден астам жер төсемі салынды.

Жол 4 телімнен тұрады, оның бір учаскесі былтыр пайдалануға берілді. Қалған 3 учаскеде толыққанды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. "Меркі-Шу "учаскесінде тағы екі жолақтың құрылысы жүріп жатыр, үш бірдей жол өтпесіне кіреберіс жұмыстары да жалғасуда. Күре жол елді-мекендерді айналып өтетіндіктен қауіпсіз болып табылады.

Бүгінде қайта жаңғырту жұмыстарына 400-ге жуық жол жұмысшысы мен 250 арнайы техника жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстарын отандық және шетелдік мердігерлердің құрамынан тұратын консорциум атқаруда. Жобада қолданылатын жол-құрылыс материалдарының барлығы отандық өнім екенін атап өткен жөн.

Жоба аясында 9 демалыс алаңы мен елді-мекендердің маңында орналасқан 34 автопавильон салу қарастырылған.

Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін  "Меркі-Шу " (86 шақырым) учаскесі I техникалық санатқа сай, 4 жолақты болмақ. Ал "Шу-Бұрылбайтал" (176 шақырым) 2 жолақты әрі II техникалық санатқа сай болады.

Күре жолды қолданысқа беру 2023 жылдың аяғына көзделіп отыр.