icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақмола өңірінде 28 жол учаскесі жөндеу жұмыстарымен қамтылды.  Бұл-рекордтық көрсеткіш.

Биылғы жол-құрылыс маусымы аясында Ақмола өңірінде жөндеу жұмыстарымен қамтылған нысан саны 2,5 есе артты. Осылайша, биыл өңірде жалпы ұзындығы 361 шақырымды құрайтын 28 жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, 3 нысан күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылса, 24 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал тағы 1 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Жөндеу жұмыстарымен республикалық маңызы бар "Екатеринбург - Алматы", "Жақсы-Есіл - Бұзылық", "Нұр-Сұлтан - Петропавл", "Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы" және т. б. тас жолдардың учаскелері қамтылып отыр.

 

Бұдан басқа, орташа жөндеу аясында республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін Талапкер, Төңкеріс, Астраханка, Жібек Жолы елді-мекендеріне қарасты 20 шақырым жарықтандырылып, 14 жаңа бағдаршам орнатылмақ. Сонымен қатар, 7 су өткізу құбырын салу жоспарланып отыр. Мердігер ұйымдар ұзындығы 32 шақырым болатын қар ұстайтын қоршаулар мен 15 шақырымға жуық малдардың жолға шығып кетуін болдырмауға арналған арнайы қоршаулар орнатады ("Нұр – Сұлтан - Павлодар" және "Щучинск-Көкшетау" а/ж).

 

Аталмыш іс-шаралар Ақмола облысында орналасқан  республикалық маңызы бар автожолдардың деңгейін (жақсы және қанағаттанарлық көрсеткіші бойынша) 88% - ға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

 

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2347 шақырымды құрайды.