А-21 күре жолы учаскесі орташа жөндеуден жұмыстарынан кейін қолданысқа берілді

А-21 күре жолы учаскесі орташа жөндеуден жұмыстарынан кейін қолданысқа берілді

А-21 күре жолы учаскесі орташа жөндеуден жұмыстарынан кейін қолданысқа берілді

Республикалық маңызы бар А-21 "Мамлютка-Қостанай" жолының жөнделген учаскесі пайдалануға берілді. Биылғы жол-құрылыс маусымы аясында аталған трассаның 28 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы биыл Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жөндеу жұмыстарымен қамтылып отыр. Оның ішінде 3 учаске келесі жылы аяқталады.

Жол-құрылыс маусымының соңына дейін бұл өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың тағы 5 учаскесі жөнделіп, пайдалануға берілмек.