icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

“Қостанай өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын тексердім.

"Қостанай-Қарабұтақ" (484-503 шқ аралығы) күре жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. "Қостанай жолдары" ЖШС мердігер ұйымы жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайтын учаскедегі (Аят өзені көпірінен Рудный қаласына дейін) құрылыс жұмыстарына жауапты. Қайта жаңарту жұмыстары аясында үш жол өтпесінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жер төсемін төгу, асфальтбетон жабынын төсеу және инженерлік желілерді орнату жұмыстары жалғасуда. Биыл аталмыш учаскенің сол жағы бойынша қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Нысан келесі 2023 жылы пайдалануға берілмек. Қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл учаске 4 жолақты болып, I техникалық санатқа сәйкес келмек.

Өңірдегі күре жолдарда қайта жаңғырту жұмыстарынан бөлек орташа және күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Мәселен, биылғы жол-құрылыс маусымы аясында Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдардың 8 учаскесі орташа және күрделі жөндеумен қамтылды. Күрделі жөндеуді Сарыкөл ауданы, Севастополь ауылы маңындағы "Екатеринбург – Алматы" автомобиль жолының жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын учаскесінде және "Денисовка-Жітіқара-Мюктиколь-РФ шекарасы" күре жолында Қондыбай ауылы маңындағы жалпы ұзындығы 37 шақырымды құрайтын учаскесінде жүргізудеміз.

Орташа жөндеумен жалпы ұзындығы 141 шақырым болатын республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесі қамтылды.

Жоғарыда аталған учаскелердің бір бөлігі биыл пайдалануға берілсе, қалғандары келесі жылдары пайдалануға беріледі.

Мердігер ұйымдар мен облыстық филиалға бірқатар нақты тапсырма бердім: жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, проблемалық мәселелер бойынша уақтылы шешім қабылдап, жұмыс барысы туралы күн сайын баяндауды жалғастыру қажет.

Естеріңізге сала кетейін, Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1539 шақырымды құрайды”,- деп атап өтті ұлттық компания басшысы Мейірхат Қасымбаев.