Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ақпарат

Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ақпарат

Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ақпарат

Неғұрлым жүріп-тұру қарқыны жоғары учаскелерде жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жұмыстары жүргізілуде. Биыл Түркістан өңірінде жаңа үш жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді (765, 755, 766 шқ А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында). Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға жағдай жасауға назар аударылды (пандустар, арнайы көтергіштер орнатылды). Жыл соңына дейін Алматы өңірінде бес жаңа жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 320 мал айдау және 1,1 мың қума метр тор орнатылды.

Республикалық маңызы бар жолдардың учаскелерінде үй жануарларының қатысуымен болатын автомобиль апаттарын алдын алу үшін "электр-бағбан" құрылғысы орнатылды. Бірқатар өңірде орнатылған бұл құрылғының жалпы ұзындығы бүгінгі күні 250 шақырымды  құрап отыр.

Кешенді мақсатты бағдарлама аясында республикалық трассаларда 10 мың жол белгілері орнатылып, ауыстырылды.

6 мың дана жарықдиодты катафот, 320-дан астам ақпараттық панно және 250-ге жуық жол буфері орнатылды.

Полиция қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе тұрақты негізде елді-мекен  тұрғындарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Автомобиль жолдарының бойында мал жаюға жол бермеу мәселелері бойынша кездесулер өткізіп, бірлескен хаттамалар жасақтап, жадынамалар таратылады.

Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері бойынша 1403 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады. Тек биылғы 9 айдың ішінде колл-орталық операторлары 150 мыңға жуық қоңырау өңдеді.