icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Мердігер ұйым Шамалған бекетінің айналма жолы нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бүгінде теміржолдар мен жергілікті автожолдардың үстінен өтетін көпірлердің құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарына 55 бірлік арнайы техника мен 250-ге жуық адам жұмылдырылды. Жер төсемі жұмыстары  80% - ға аяқталып, 140 дана арқалық құралымдық бөлшектер орнатылды (барлығы 174 дана).

Жобада 3 жол өтпесі (көпірлер) мен 20 су өткізу құбырының құрылысы қарастырылған. Бүгінгі таңда көпірлердің құрылысы 79% - ға, ал су өткізу құбырлары 85% - ға аяқталды. Темірбетон бұйымдары мен инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан басқа, "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп құрылысқа қажет жер учаскелерін қолданысқа алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.