"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Ақмола облыстық филиалы елорданың оңтүстік айналма жолының 49 шақырымында әлеуметтік билбордтар орнатты.
Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылармен кері байланысты нығайту үшін билбордтарда ұлттық оператордың бірыңғай тәулік бойы қызмет ететін колл-орталығының нөмірі “1403” көрсетілді.
Колл-орталықтың операторлары республикалық маңызы бар автожолдарға қатысты сұрақтарға жауап береді. Мәселен, биылғы 2022 жылдың басынан бері колл-орталық қызметкерлері 150 мыңға жуық өтінім өңдеді.