icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Бүгінде елімізде жалпы пайдаланымдағы жолдардың ұзындығы 157 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 24,9 мың км, қазіргі кезде олардың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деңгейінде.

Сәйкесінше, жолдардың бұзылуының негізгі факторының бірі - ауыр жүктерді тасымалдаудың қарқындылығы болып табылады. Көп жағдайда бұл үлкен жүк көтергіштігі бар самосвалдар. Соңғы 10 жылда жүк тасымалдау көлемі 2,7 есеге өскені байқалады. Елімізде 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, оның 55 мыңы самосвал. Ауыр жүк көлігінің бірнеше есе ұлғайған салмағы жолға арналмаған массаны тудырады. Тиісінше, жолдардың қызмет ету мерзімі айтарлықтай қысқарады. Ал үлкен жүк көліктері бірінші кезекте инертті жүктерді карьерлерден жалпы пайдаланымдағы жолдардың құрылыс алаңдарына тасымалдау үшін жаппай пайдаланылады. Соңғы мәліметке сәйкес, көліктердің 20%-ға жуығы қосымша жүкке арналған құжаттары болмаған кезде оське шамадан тыс жүктемемен жолға шығады.

Жолдардың белгіленген стандарттарға сәйкес салынып және белгілі бір максималды жүктемеге арналғанын, ал артық жүктелген көлік жолдардың жағдайын бұзып қана қоймай, еліміздің жол саласына миллиондаған шығын келтіретінін ескеру қажет.

Қазіргі уақытта дамыған елдерде (АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдері) жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында белгіленген салмағынан асып, ауыр жүктерді таситын самосвалдардың жүруіне тыйым салынған. Дегенмен, ТМД елдерінде, әсіресе Қазақстанда мұндай көліктер жалпы пайдаланымдағы жолдар мен қала көшелерінде жүк тасымалдаумен айналысады.

Еліміздің автомобиль жолдарында отандық және шетелдік автокөліктердің жүруіне 3 стационарлық және 30 жылжымалы бекеттерде, 17 инспекцияда күнделікті көліктік бақылау жүргізіледі. Бір тәулік ішінде әрбір пост 7 мың км-ден астам жолды бақылауы қажет, алайда бұл физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Оның салдары бақылаудың төмендігіне және көлік пен жол қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі. Осыған байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүктер мен жолаушыларды заңсыз тасымалдауды анықтайтын цифрлық жүйені белсенді түрде енгізуде.

Сондай-ақ, егер ауыр жүк көліктері белгіленген параметрлерден асып жүретін болса, жол құрылысындағы жөндеуде қолданылатын озық технологиялар мен материалдардың ешбірі жолдардың қалыпты жағдайын қамтамасыз ете алмайтынын да атап өткен жөн. Сондықтан жол торабының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, олардың мерзімнен бұрын тозуына жол бермеу, жол бөлігіне зақым келтірмеу мақсатында және тұрғындардың арыз-шағымдарына байланысты Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген массадан асатын жүктерді самосвалдармен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары және елді мекендердің көшелерінде тасымалдауға тыйым салу туралы» мәселені көтеріп, ұсыныс жасаған болатын.

Депутаттар ұсынған норманының қабылдануы жолдардың қауіпсіздігі мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«ҚазДорҒЗИ» АҚ, тәулігіне 200 самосвалдардың жүктемесі 10 тоннадан асса, 5 жылда жолдарға 240 миллиард теңгеден астам шығын келтіреді деп есептеген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ҚР ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау ұйымы мемлекет кірісіне 4,9 миллиард теңгеден астам АТС сомасында ауыр жүк көлігімен белгіленген салмақтан асып жүк тасымалдаған жүк көліктерінен алымдар мен өсімпұлдар өндірген. Жолға 1,7 триллион теңге көлемінде зақым келтіруге жол берілмеді. Ал 2022 жылдың өткен кезеңінде 18 мыңға жуық автокөлік тексерілді, оның ішінде 85 пайыздық бұзушылықпен 678-ге жуық самосвалдар анықталып, жолдан өту үшін 26 миллион теңге және 92 миллион теңге айыппұл салынды.