icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол Басқарма Төрағасы Мейірхат Қасымбаев Алматы өңірінде орналасқан бірқатар маңызды нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді.

Қазіргі уақытта "Алтын Орда" жобасы 95% - ға аяқталды. Негізгі бағыттар бойынша барлық жұмыстар орындалды. Жол 8-ден 10 жолаққа дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, басты магистральдық эстакаданың, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасының және де Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Жол бойында жарық шамдары орнатылды. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Мердігер ұйым қиыршық тас мастикалық асфальтобетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын аяқтап, қоршаулар мен жол белгілерін орнатып, жол таңбаларын сызуда.

Шамалған бекетін айналып өту нысанындағы құрылыс жұмыстары айтарлықтай ілгерілеуде. Осыдан бір ай бұрын да нысан басына келіп, құрылыс жұмыстарын тексерген болатынмын. Өткен аймен салыстырғанда оң динамика байқалады. Мердігер ұйым жер төсемін төгу, көпірлер мен су өткізгіш құбырлар салу және т. б. бойынша жұмыстар жалғастыруда. Нысан басында 50-ден астам арнайы техника жұмыс жасап, 150-ге жуық адам еңбектеніп жүр.

Өздеріңіз білетіндей, "Асыл-Арман" жобасының құрылысына жауапты мердігер ұйым жұмысына салғырт қарап, олармен келісімшарт бұзылды. Бүгінгі күні жаңа мердігер ұйым анықталып, нысандағы барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жанданды. Жоба бойынша жұмыстың 50% - ы орындалды. "Құбыр" типті эстакада мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жалғасуда”,- деп атап өтті ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.

"Алтын Орда" нысаны жақын арада пайдалануға берілсе, жоғарыда аталған қалған екі нысандағы құрылыс жұмыстары  келесі жылы аяқталмақ.