icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Биылғы жол құрылысы маусымы аясында Батыс Қазақстан өңіріндегі Орал-Бұзылық күре жолы толық жөндеуден өтті. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ БҚОФ басшысы Қазбек Мәмбетов БАҚ-қа арналған брифинг барысында хабарлады.

Бұл күре жолдың жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Асфальтобетон жабыны ауыстырылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 45 бірлік арнайы техника мен 60 маман жұмылдырылды.

Сонымен қатар, "Самара-Шымкент" автомобиль жолының үш учаскесі жөнделді (298-330, 408-443, 511-526 шқ аралықтары). Орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған учаскелердің жалпы ұзындығы 82 шақырымды құрайды.

Биылғы құрылыс маусымы аясында Батыс Қазақстан өңірінде жалпы 110 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды.