icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

БҚО-да күрделі жөндеу жұмыстары екі нысанда жалғасуда. Олардың қатарында жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын "Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы" және "Өнеге-Бисен-Сайқын" күре жолдары бар. Бұл тас жолдар 6 учаскеден тұрады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ БҚОФ басшысы Қазбек Мәмбетов БАҚ-қа арналған брифинг барысында хабарлады.

"Бірқатар проблемалық мәселелерге қарамастан, жалпы алғанда, биылғы құрылыс-монтаждау жұмыстарында өткен жылмен салыстырғанда ілгерілеу байқалады. Мәселен, құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған арнайы техника мен маман саны екі есе артты. Қазір екі нысанда 700 маман еңбектеніп, 600 бірлік арнайы техника жұмыс істеп тұр. Жол қызметкерлерінің 90%-ы жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар, 4 асфальтбетон зауыты жұмылдырылды. Егер өткен жылы шамамен 41 шақырым асфальт төселген болса, биыл мердігер ұйымдар 75 шақырым асфальт төседі. Аталмыш күре жолдардың 122 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілді", - деп атап өтті Қазбек Мәмбетов.

Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ БҚОФ басшысы "Подстепное-Федоровка" республикалық трассасын жөндейтін мердігер ұйымдар анықталғанын атап өтті.

Ал орташа жөндеу жұмыстарымен республикалық маңыздағы 110 шақырым жол қамтылды. Жалпы биылғы жылы Батыс Қазақстан өңіріндегі республикалық күре жолдарға 350 мың тонна асфальт төселді.