icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Өткен тәулікте Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан өңірлерінің республикалық маңызы бар күре жолдарында жаңбыр мен қар жауып, жолшы мамандар түні бойы көктайғақты алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқарды. 4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні аталмыш өңірлердегі республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазартуға, көктайғаққа қарсы материал себуге, сондай-ақ патрульдеу жұмыстарына 144 бірлік арнайы техника мен 230 адам жұмылдырылды. Күн райы нашарлаған сәттен бастап 1 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Қазіргі уақытты еліміздегі республикалық маңызы бар жолдар ашық. Жолшы мамандар қысқы-күтіп ұстау жұмыстарын атқаруды жалғастырып жатыр.

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы,

Ләззат Стамғазиева