icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Бүгін (10.11.2022) сағат 13.00-ден бастап Шығыс Қазақстан өңірінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Өскемен-Алтай-Қатонқарағай-Рахман қайнары” күре жолының 46-66 шақырымдары арасындағы учаскеде (Северный ауылына бұрылыстан бастап Серебрянск қаласына дейінгі учаске) тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл тау арасындағы бұралаңы көп бағыт. Қозғалысқа енгізілген шектеу қыс бойы сақталмақ.

Бұл учаскедегі ахуал ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Шығыс Қазақстан өңіріндегі филиалының тікелей қадағалауында болады. Жолшы мамандар қыс бойы аталмыш учаскеде құм-тұз қоспасын сеуіп, қысқы-күтіп ұстау жұмыстарын атқарады.

1403