icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Биыл "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолының төрт учаскесі жөнделді. Мәселен, орташа жөндеу жұмыстары бұл тасжолдың Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан өңірлерінде орналасқан учаскелерінде жүргізілді.

Жөнделген учаскелердің қатарына:

1️⃣Ақтөбе өңіріндегі ұзындығы 49 шақырымды құрайтын Ақтөбе қаласынан Қобда ауылына дейінгі учаске;
(626-690 шқ аралығы).

2️⃣БҚО-дағы Бекей елді мекенінен Ақтөбе өңірінің шекарасына дейінгі 81 шақырымдық учаске;
(298-330, 408-443, 511-526 шқ аралығы).

3️⃣Ақтөбе өңірінің шекарасынан Түркістан өңірінің шекарасына дейінгі 116 шақырым;
(1248-1555, 1713-1804, 1806-2057 шқ аралығы).

4️⃣Түркістан облысындағы Икан қаласынан Спатаево ауылына дейінгі 48 шақырымдық аралық жатады;
(2137-2185 шқ аралығы).

Жалпы биыл "Самара-Шымкент" республикалық трассасының 300 шақырымы жөнделді.

Естеріңізге сала кетейік, "Самара-Шымкент" республикалық автожолы еліміздегі ең ұзын жолдардың қатарына жатады. Тасжол еліміздің бірнеше өңірінен өтеді. Автотрассаның жалпы ұзындығы - 2010 шақырым.