16 қараша күні кешкі сағат 21.00 шамасында Астана-Теміртау тасжолында автокөліктері бұзылған бес жүргізушіге көмек көрсетілді. "ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ жол қызметтері тасжолдардағы патрульдік кезекшілік барысында бұзылған көліктерді байқап, иелеріне жедел көмек көрсетті.
Жолаушылар жылыту пунктіне дереу жеткізілді.
Қыста автокөлік жолда тұрып қалғанда: не істеу керек, қайда қоңырау шалу керек?
Жол бойында штаттан тыс жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі:
1️⃣көлікті қауіпсіз жерде тоқтатып, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірмеу маңызды.
2️⃣көліктегі авариялық жарық сигналды қосу қажет.
3️⃣авариялық аялдау белгісін қою маңызды.
4️⃣ҚазАвтоЖол компаниясының бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу керек.