Жолшылар Астана-Павлодар тасжолында балалар мінген автобусқа көмек көрсетті

Жолшылар Астана-Павлодар тасжолында балалар мінген автобусқа көмек көрсетті

Кешкі сағат 20:15 шамасында Астана-Павлодар республикалық тасжолын патрульдеу барысында ҚазАвтоЖол қызметкерлері жолдың шетінде бұзылып тұрған автобусты байқады. Жүргізуші Астанада спорттық турнирге қатысқан 20 баланы қайта Өскеменге апара жатты.

Жолшылар көлік жүргізушісіне көмек көрсетіп, оны ең жақын техникалық қызмет көрсету станциясына апарды. Онда олар автобустың істен шыққан қосалқы бөлшегін жөндеді. Балалар болса жолшылардың бақылауында болды. Автобуста автономды жылыту жүйесі жұмыс істеп тұрды.

Жөнделген көлік жүргізушісі жолын жалғастырды. Жүргізуші жолаушыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық тасжолдарда штаттан тыс жағдай туындаса көлік иелері 1403 қысқа нөмірі бойынша Қазавтожолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына жүгіне алады.