icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Р – 3 "Астана-Қабанбай батыр-Теміртау" республикалық маңыздағы тасжолдың 29 шақырымында "ANT" асфальтобетонды ыстық регенерациялау технологиясы сынақтан өтуде. Регенератордың басты артықшылығы - бұл технология битумды молекулалық деңгейде жасарту арқылы асфальтобетон түйіршіктерін қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа битум немесе цементтің қосымша мөлшері қажет емес.

Технологиялық процестің негізгі элементі - "ANT" регенераторы. Технология механизмі: қайта өңделген, фрезерленген асфальтты 20-30 минут ішінде 160°C дейін қыздырып, оған регенераторды қосып, араластыру керек. Бұл қоспаны дайындау үшін рециклердің (арнайы техника) барлық қолданыстағы модельдерін қолдануға болады. Қоспаны рециклерде араластыру уақыты 30-40 секунд.

Технологияны өндірген компанияның дерегіне сәйкес, регенератор суыққа төзімді, сондықтан оны жыл бойы, соның ішінде қыста – 15 градусқа дейін қолдануға болады. Сонымен қатар, асфальтобетон түйіршіктерін қайта қолдануға болатындықтан өндіруші бұл технологияның экологиялық тұрғыда да қауіпсіз екендігін атап өтті.

Технология сынақтан толықтай өткен соң, инновациялық өнімнің тиімділігін талдау қорытындысына сәйкес оны автожол саласында одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс жасақталмақ.