icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңыздағы "Меркі-Бұрылбайтал" тасжолының жалпы ұзындығы 81,4 шақырым болатын "Хантау-Бұрылбайтал" учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Аталған учаскенің құрылысына 330 қызметкер мен 220 бірлік жол техникасы жұмылдырылды.

"Жол II техникалық санатқа сәйкес келеді. Жоба аясында 2 көпір, темір жол арқылы өтетін 2 жол өтпесі, 70 су өткізгіш құбыр және 9 мал айдау өткелі салынды. "Мирный" және "Қияхты" елді-мекендерінің қасында 6 автопавильон мен
2 демалыс алаңы жасақталды. 860 жол белгісі және 37 шақырым қоршау орнатылды. Жол таңбаларын сызу барысында термопластика қолданылды. Жол төсемінің үстіңгі қабаты қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетоннан тұрады", - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Айжан Тұғанова.

Бір айдың ішінде жол учаскесін қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Жобада қолданылған жол-құрылыс материалдарының барлығы отандық өнім екенін атап өткен жөн.