icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

23.11.2022 ж. сағат таңғы 08.00-ден бастап екі учаскеде көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды:

1️⃣Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 615-967 шақырымдары аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ашық.

2️⃣Жетісу өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 558-615 шақырымдары аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске ашық.

Ал Р-20 «Сарыөзек-Көктал» күре жолының 45-68 шақырымдары аралығында (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысына әлі де шектеу қойылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше кеште ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мәселен, өткен түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілді.