icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» Қарағанды облыстық филиалы «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының «Жезқазған - Қарағанды» 433-946 шақырым учаскесінің, 633-683 шақырым телімін, 683-733 шақырым телімін, 733-783 шақырым телімін (1 іске қосу 755-783 шақырымы), 733-783 шақырым телімін (2 іске қосу 733-755 шақырымы) қайта құру жұмыс жобаларының техникалық шешімдері бойынша ашық отырыс нысанындағы алдын ала қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

 

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін орны, басталатын күні және уақыты:

  1. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Жаңаарқа кентінің мәдениет үйінде, 2022 жылдың 29 қарашасында, сағат 10:30-да;
  2. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылы, Байдалы би ауылдық округінің мәдениет үйінде, 2022 жылдың 29 қарашасында, сағат 15:30-да;
  3. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылы, Ақтүбек ауылдық округінің мәдениет үйінде, 2022 жылдың 30 қарашасында, сағат 10:30-да;
  4. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы, Ералиев аулдық округінің мәдениет үйінде, 2022 жылдың 30 қарашасында, сағат 15:00-де;
  5. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылы, Түгіскен аулдық округінің мәдениет үйінде, 2022 жылдың 1 желтоқсанында, сағат 10:30-да;

 

Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері - «ҚазАвтоЖол» ҰК» Қарағанды облыстық филиалы, байланыс деректері – Қарағанды қаласы, Республика көшесі, 42, байланыс телефоны – 8 (7212) 97‒01‒56, электрондық пошта - karguad@mail.ru.

Құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері – «Каздорпроект» ЖШС, байланыс деректері - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы, байланыс телефоны - 8(727) 2555638, электрондық пошта - kazdor@yandex.ru.

Барлық сұрақтармен «ҚазАвтоЖол» ҰК» Қарағанды облыстық филиалына және «Каздорпроект» ЖШС хабарласуға болады.

 

Қоғамдық тыңдауға қатысуға жергілікті тұрғындар, мүдделi жұртшылық, қоғамдық ұйымдар және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.