icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2022 жылғы 28 қарашада сағат кешті 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы -30С-тан төмен болады деп күтілуде. Осыған орай жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі сағат 19:00-ден бастап жоғарыда аталған өңірлердің барлық республикалық автожолдарында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі.

Республикалық трассаларды пайдаланушылардан маршрутты алдын-ала түзетуді, алыс сапарға шықпауды және ауа-райы болжамын мұқият қадағалауды сұраймыз!

☎️Штаттан тыс жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушыларға ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының 1️⃣4️⃣0️⃣3️⃣ қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуға кеңес береміз.