Республикалық күре жолдарда жүк көліктерінің жүргізушілеріне уақтылы көмек көрсетілді

Республикалық күре жолдарда жүк көліктерінің жүргізушілеріне уақтылы көмек көрсетілді

"Shacman" жүк көлігінің жүргізушісі 7 желтоқсан сағат 20:00 шамасында "Алматы-Өскемен" республикалық күре жолының 410 шақырымында көлік тізгініне ие бола алмағандықтан көлік жол жиегіне шығып кеткен. Жүргізуші 1403 қысқа нөмірі бойынша жұмыс жасайтын ҚазАвтоЖолдың колл-орталығына жүгініп, көмек сұрады. Жолшылар дереу жолға шығып, көлік құралын жол үстіне шығаруға көмектесті. Жүк көлігінің жүргізушісі көрсетілген көмек үшін алғысын айтып, сапарын әрі қарай жалғастырды.

7 желтоқсан күні түнде "DAF" жүк көлігінің жүргізушісі М-32 "Шымкент-Алматы" тасжолында Түлкібас қаласына жетпей дәл осындай жағдайға тап болады.
Оқиға орнына дереу келген жолшылар жүргізушіге уақтылы көмек көрсетіп, бір сағат ішінде жүк көлігін жол үстіне шығарып береді.

Айта кету қажет, ел аумағындағы республикалық маңызы бар күре жолдар ашық. Бүгін тасжолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 130 бірлік арнайы техника мен 180 қызметкер жұмылдырылды.