icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар трассаларды пайдаланушылар жолда көрсетілген көмек үшін жолшыларға алғыс айтты.

2022 жылғы 8 желтоқсанда түнгі сағат 22:00 шамасында Ақмола облысының жолшылары "Астана-Теміртау" бағытын патрульдеу барысында бұл күре жолдың  1344 шақырымында жол жиегінде тұрған жеңіл автокөлікті байқайды. Көліктің бұзылғаны анықталады. Жолшылар көлікте анықталған ақауды жөндеуге көмектесті.

"Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолының 232 шақырымында жүк көлігі бұзылған жүргізушіге де көмек көрсетілді. Жүк көлігінің жүргізушісі 9 желтоқсан түнгі сағат екі айналасында ҚазАвтоЖолдың 1403 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын бірыңғай колл-орталығына жүгініп, көмек сұрады. Бір сағат ішінде жолшылар жүк көлігін ең жақын жердегі демалыс алаңына дейін сүйреуге көмектесті.

Сонымен қатар, 9 желтоқсан күні сағат 14:30 шамасында Алматы облысының жолшылары тасжолда бұзылған жеңіл автокөліктің жүргізушісіне көмектесті. Автокөлік А-2 "Алматы-Көкпек-Шонжа-Көктал-Қорғас" автожолының 142 шақырымында бұзылған. Жол бойында өтіп бара жатқан көліктер тоқтамаған соң көлік жүргізушісі ҚазАвтоЖолдың байланыс орталығына жүгінді. Учаскеге жауапты жолшы маман дереу оқиға орын алған жерге барып, көлікті Байсейіт ауылына дейін сүйреп апаруға көмектесті.

Жолшылар жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмекке келуге әрқашан дайын екендіктерін атап өтті.