icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына 21 тонна жүкті тасымалдап, Қостанай қаласынан Астанаға бет алған фураның жүргізушісі хабарласып, көмек сұрады. Перекатное кенті маңында фура бұзылып, кюветке аударылып кеткен. Ақмола өңірінің жолшылары көлікті құлаған жерінен көтеру үшін екі бірлік арнайы техниканы жұмылдырды.

Жүк көліктің жүргізушісі көмек көрсеткен жолшыларға алғысын білдіріп, сапарын жалғастырды.

Естеріңізге сала кетейік, штаттан тыс жағдай туындаса республикалық маңыздағы күре жолдарды пайдаланушыларға 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласуға кеңес беріледі.