icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Биылғы қысқы күтіп-ұстау маусымы аясында ҚазАвтоЖолдың арнайы техника паркіне 146 бірлік арнайы техника мен 60-тан астам қосымша жабдық әкелінеді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ мен "Казахавтодор" ЖШС бірігуде. "Казахавтодор" ЖШС-ның материалдық-техникалық базасы тозғандықтан, техниканы жоспарлы түрде жаңарту қажет. Қысқы күтіп-ұстау маусымы аясында 146 бірлік арнайы техника және 60-тан астам қосымша жабдық әкелінеді. Олардың қатарында  жол машиналары, шнекороторлар, тиегіштер, автогрейдерлер, МТЗ және т.б. бар. Қыста жолшылар ауа-райынының қолайсыздығына қарамастан күндіз-түні күшейтілген режимде жұмыс істейді. Республикалық трассаларды пайдаланушыларға тәулік бойы көмек көрсетеді. Жолшы мамандардың адал еңбегінің арқасында республикалық маңыздағы тасжолдарда жүргізушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Жолда қызметте жүрген мамандардың жалақысын 30% - ға арттыруды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ҚазАвтоЖол Басқарма Төрағасы Мейірхат Қасымбаев.

Сонымен қатар, ҚазАвтоЖол басшысы республикалық автожолдарды күтіп-ұстау бойынша жаңа тұжырымдаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта әріптестерімізбен бірлесіп, республикалық трассаларды күтіп-ұстаудың жаңа тұжырымдамасын жасақтауда үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Үш негізгі бағытты белгіледік: жол-пайдалану паркін арнайы заманауи техникамен толықтырамыз, материалдық-техникалық базаны жаңартып, жол қызметкерлерінің жалақысын арттыруды жоспарлап отырмыз", - деп жазды Мейірхат Қасымбаев.