Қостанай облысында ауа-райының нашарлауына байланысты көріну шектеліп, Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Ақмола облысында көрінудің нашарлауына байланысты жабылған тасжолдар:
1️⃣"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолының Қостанай өңірі шекарасынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы;
2️⃣"Жақсы-Есіл-Бузулук" тасжолының Есіл қаласынан Бузулук ауылына дейін;
3️⃣"Жезқазған-Петропавл" тасжолының Бузулук ауылынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы;
Республикалық жолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 200 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
☎️1️⃣4️⃣0️⃣3️⃣