icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жолға шығар алдында жүргізушілер мен жолаушылар мұқият дайындалып, бірнеше ұсынымдарды ескергені абзал.

‼️МАҢЫЗДЫ: Жолға шықпас бұрын ауа-райы болжамын нақтылап алу керек. Егер ауа-райының қолайсыздығына орай көлік қозғалысы шектелсе, міндетті түрде хабарламаны ескеріп, жолға шықпаған жөн. Республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс жасайтын 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады. Бұдан басқа, республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторының ресми сайтында https://kz.qaj.kz/s сілтемесі арқылы ситуациялық карта қолжетімді.

Жолға шықпас бұрын көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына апарып, жан-жақты тексеріп алған жөн.

Жолға шықпас бұрын маршрутты толықтай алдын-ала пысықтап алу қажет. Мәселен, жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарының (тамақтану пункттері, жанармай құю станциялары және т.б.) қай жерде орналасқанын біліп алу маңызды. Бұл ақпаратты Sapar қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Дизельді отынмен жүретін автокөліктерге қысқы дизель отынын құю қажет.

Автокөлікте медициналық дәрі-дәрмек қобдишасы мен өрт сөндіргіш болуы керек. Сондай-ақ, көлікте қалың киімді, қар тазалайтын щетка мен күректі алып жүрген артық етпейді.

Жүргізушілер жол ережесі талаптарын мүлтіксіз орындауы керек.

Тасжолда қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаса ҚазАвтоЖолдың 1403 қысқа нөмірі бойынша жасайтын байланыс орталығына хабарласу қажет.