icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы «Каздорпроект» ЖШС-мен бірлесіп «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының «Жезқазған - Қарағанды» 433-946 шақырым учаскесінің, 533-583 шақырым телімін қайта құру жұмыс жобасының техникалық шешімдері бойынша ашық отырыс нысанындағы алдын ала қоғамдық тыңдау өткізеді.

 

Қоғамдық тыңдаудың өткізілетін орны, басталатын күні және уақыты:

1. Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Түйемойнақ ауылы, теміржол вокзалының ғимаратында, 2023 жылдың 3 ақпанында, сағат 12:00-де.

Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы, байланыс деректері – Қарағанды қаласы, Республика даңғылы, 42, байланыс телефоны – 8 (7212) 97‒01‒56, электрондық пошта - karguad@mail.ru.

Бас жобалаушының атауы және байланыс деректері – «Каздорпроект» ЖШС, байланыс деректері - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы, байланыс телефоны - 8(727) 2555638, электрондық пошта - kazdor@yandex.ru.

Қосалқы жобалаушының атауы және байланыс деректері – «Семдорпроект» ЖШС, байланыс деректері - Семей қаласы, Ш. Валиханов көшесі 124, 317 кабинет, байланыс телефоны - 8 (7222) 560481, электрондық пошта - sdp2000@mail.ru.

Барлық сұрақтармен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалына, «Каздорпроект» ЖШС-не, «Семдорпроект» ЖШС-не хабарласуға болады.

 

Қоғамдық тыңдауға қатысуға жергілікті тұрғындар, мүдделi жұртшылық, қоғамдық ұйымдар және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.