"ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес "М32 "РФ шекарасы (Самараға)-Шымкент" автожолының "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" 763-1025 шақырым учаскесінің, 889-927 шақырым телімін қайта жаңарту" жұмыс жобасына "Ықтимал әсер ету туралы есеп" жобасы бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі:
- 12 сағат 00 мин. 2023 жылдың 10 ақпанында Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Богетсай а.о., Богетсай а., Молдағұлов к-сі, 9 мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде;
- 16 сағат 00 мин. 2023 жылдың 10 ақпанында Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ а. о., Белқопа а., Жолай Жүсіп көшесі 8А мекенжайында орналасқан орта мектеп ғимаратында.
Шаруашылық әрекеттерді жүзеге асыру бастаушылары:
"ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы, Ақтөбе қ., Астана ауданы, Маресьев көшесі 89, кб.308 тел. 87054780043, 87773413756
Ықтимал әсер ету туралы есепті әзірлеуші:
"E. A. Group Kazakhstan" ЖШС, Ақтөбе қ., Т. Рысқұлов к-сі, 277 а. Тел.: 8(705) 478 00 43, эл.пошта: boranbay.serebaev@mail.ru
Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/, сондай-ақ ЖАО сайтында http://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ info@iacoos.kz поштасына қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО http://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru сайтында ұсынылатын болады.
Қосымша ақпаратты Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы , Маресьев көшесі 89 мекенжайы бойынша алуға болады.