icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қоғамдық тыңдау туралы хабарландыру

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы жобалау ұйымдарымен бірлесіп жобалық жұмыстар мен жобалық шешімдер бойынша «Республикалық маңызы бар М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автомобиль жолын қайта жаңарту «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» учаскесі 763-1025 км. 927-965 км учаскесі» жұмыс жобасы бойынша ашық жиналыстар нысанында алдын ала қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тыңдаулар өтетін орны мен уақыты:

  1. 2023 жылы 14 ақпанда сағат 10:00 де Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылы, Жолай Жүсіп көшесі, 8а, Белқопа кентінің орта мектебінің мәжіліс залы;
  2. 2023 жылғы 14 ақпанда сағат 16:00-де: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Көрпе ауылы, Әйтеке би көшесі, 2, Көрпе кентіндегі орта мектебінің мәжіліс залы;
  3. 2023 жылғы 15 ақпанда сағат 10:00-де: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы, Әйтеке би көшесі, 22, ауылдық кітапхананың оқу залы.

Тапсырыс беруші: «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы;

Бас жобалаушы: «Каздорпроект» ЖШС;

Жобалаушысы: «Саулет-SKB» ЖШС.

Жергілікті атқарушы орган: «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ.

Жоба бойынша ақпарат алуға және құжаттардың көшірмесімен танысуға, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстар жіберуге болатын электрондық мекенжай және телефон нөмірі: saulet.skb@mai.ru 8 (775) 7000047; kazdor@yandex.ru 8 (705) 7068163.