icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты

2023 жылдың басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30% - ға көтерілді. Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады.

Естеріңізге сала кетейік, қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың м3 құм-тұз қоспасымен өңделді.