Түркістандық жолшылар қиын жол жағдайына тап болған жүргізушіге көмек көрсетті. Шымкенттен Түркістан қаласына бара жатқан көліктің тасжолда бензині таусылып қалған. Жүргізушінің айтуынша, жолдағы басқа жүргізушілер көмек көрсетпеген. 27 қаңтарда таңғы сағат алтылар шамасында жүргізуші ҚазАвтоЖолдың 1403 байланыс орталығына қоңырау шалып, көмекке жүгінді.
Түркістандық жолшылар оқиға орнына жанар-жағармай жеткізіп берді. Жүргізуші мамандарға алғыс білдірді.
✅Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық. Еліміздің республикалық автожолдарында жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін өткен түнде 750 м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды.
Қысқы күтіп ұстау жұмыстарын атқару үшін 643 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.