icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қызылордалық жолшылар мұзды жауын салдарын жоюда

Өткен түнде Қызылорда облысының аумағында нөлден төмен температурада жаңбыр жауды. ҚазАвтоЖол қызметкерлері температуралық ауытқулар нәтижесінде пайда болған көктайғақты жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жолшылар өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарды құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстарын жалғастыруда.

Қызылорда өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты үш тасжол учаскесінде барлық көлік түрі қозғалысқа шектеу енгізілді:

"Самара-Шымкент" тасжолының Төретам ауылынан Қызылорда қаласына дейінгі аралығы;

"Самара-Шымкент" тасжолының Әйтеке би ауылынан Төретам ауылына дейінгі аралығы;

"Самара-Шымкент" тасжолының Арал қаласынан Әйтеке би ауылына дейінгі аралығы;

Мамандар жүргізушілерді жол бойында ерекше сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және арнайы техниканың жұмысына қосымша кедергі тудырмауға шақырады. Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс жасайтын колл-орталығына қоңырау шалу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері республикалық автожолдар желісін өңдеу үшін шамамен 22 мың м3 құм-тұз қоспасы пайдаланылды. Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 400 бірлік арнайы техника мен 700 маман жұмылдырылды.