icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жолшылар республикалық автожолды су басудың алдын алды

Алматы облысында қар күрт еру нәтижесінде "Екатеринбург – Алматы" автожолының үш учаскесінің жол жиегіне еріген қар суы ақты. Күре жолды су басып, шайылып кетуіне жол бермеу мақсатында өңірдегі ҚазАвтоЖол қызметкерлері еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізді.

Қазір еріген қар суы су өткізгіш құбырлар арқылы өтуде. Жол жиегін нығайту және инертті материалдары бар қап төсеу жұмыстары жалғасуда. 20 маман мен 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тәулік бойы кезекшілік және патрульдеу ұйымдастырылды.

✅Республикалық маңыздағы күре жолдар барлық бағытта ашық.