Көлік қозғалысы Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе өңірлерінде шектелді. Республикалық автожолдар желісінде 429 бірлік арнайы техника мен 950 маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.
Жолшылар жүргізушілерді ауа-райын ескеріп, жабық жолдарға шықпауға шақырады. Биылдан бастап жабық жолдарда көлік жүргізгендерге жаза қолданылатынын ескерген жөн.
Штаттан тыс жағдай туындаса бірден 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек.