icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Тасжолдарда жол қозғалысына енгізілген шектеулер туралы

10 ақпан сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 337 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 636 маман жұмылдырылды.

1️⃣Алматы облысы-2 учаске:
Тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін
- "Алматы-Өскемен" тасжолы, уч. Қонаев-Шеңгелді арасы;
Автокөліктің барлық түрі үшін
- "Алматы-Шелек-Қорғас" тасжолы, Байсейіт- Қорғас арасы;

2️⃣Жамбыл облысы - 1 учаске:
Көліктің барлық түрі үшін
- "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)

3️⃣Жетісу облысы-2 учаске:
Тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін
- "Алматы-Өскемен" тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
- "Алматы-Өскемен" тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.