icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақтөбе облысының жолшылары бес көлік тиелген автовоздың шетелдік жүргізушісіне көмектесті

"ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері "Самара-Шымкент" тасжолының 980 шақырымында көлігі бұзылып қалған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті. Күре жолдарды бақылау барысында жолшылар тасжолдың бір жолағын жауып, бұзылып тұрған бес жеңіл көлік тиелген автовозды байқаған. Рөлде Грузия азаматы болған. Белгілі болғандай, автовоз жүргізушісі Грузиядан Қазақстан арқылы Қырғызстанға бағыт алған.

Жолшылар арнайы техниканың көмегімен көлік тасымалдайтын автотасығышты жақын жердегі кемпингке дейін арнайы техниканың көмегімен сүйреп апарды. Шетелдік жүргізуші жолшыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.