icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңыздағы 7 мың шақырым жол қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен қамтылады

Алдағы құрылыс маусымы аясында республикалық маңыздағы 7 мың шақырым жол қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның ішінде 3,6 мың шақырым жол қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, 3,4 мың шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары атқарылмақ. Бұл жобалардың өтпелі екенін ескерген жөн.

“Күн райы жылынып, құрылыс маусымы басталысымен бірден жұмысқа кірісіп кету үшін қазір қажет барлық материалдарды дайындап жатырмыз. Маусым басталғанға дейін материалдардың 50% дайындап қоюымыз шарт. Құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін 5 мың бірлік арнайы жол-құрылыс техникасы, 52 ұсақтау қондырғысы, 25 бетон және 64 асфальтбетон зауыты жасақталып, жұмылдырылды”,-деп атап өтті ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Басқарма басшысы саланы реформалау аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

“Жол саласына мемлекет басшылығының тарапынан да, ел халқының тарапынан да бірқатар рет сын айтылғаны жасырын емес. Салада орын алған проблемалық мәселелерді жүйелі түрде шешу керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес былтырғы жылдан бері реформалау жұмыстары қолға алынды. Уәкілетті органдарға жол жобасын жоспарлаудан бастап күтіп-ұстауға дейін өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар жасақталып, жіберілді. Әрбір проблемалық мәселе пысықталуда”,-деді Ұлттық компания басшысы.