icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақмолалық жолшылар жолда қалған Тәжікстан азаматтарына көмек көрсетті

"Астана-Көкшетау" тасжолының 83 шақырымында 16 жолаушы мінген автобус техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған. ҚазАвтоЖол қызметкерлері республикалық трассаларды патрульдеу барысында жол бойында бұзылып тұрған көлікті байқаған. Анықталғандай, автобуста Тәжікстан елінің 16 азаматы болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Тәжікстанға бет алған. Жолшылар сынған автобусты қауіпсіз жерге сүйреп апарып, жолаушыларды қонақ үйге жеткізді. Автобус жөндеу жұмыстарынан кейін сапарын жалғастырды. Шетел азаматтары жолшыларға көмегі үшін алғыс білдірді.