icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жолшылар республикалық күре жолды еріген қар суы шайып кетуіне жол бермеді

Жолшылар құмнан бөгет жасап, еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде республикалық автожолдың екі жерде шайылып кету қаупін алдын алды. Бұл "Алматы – Көкпек – Көктал - Қорғас" тасжолының 139 және 142 шақырымдарына қатысты. Қазір еріген қар суы көпірдің астымен өтуде (бейнежазбада). Еріген қар суы күн райының жылынып, тау бөктеріндегі қардың қарқынды еруіне байланысты пайда болды. Қазір жағдай тұрақты. Учаскелерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр, қажет жол белгілері орнатылды. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер жоқ. Тасжол тәулік бойы "ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ Алматы облыстық филиалының ерекше бақылауында болады.