icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

“ҚазАвтоЖол”ҰК”АҚ басшысы Мейірхат Қасымбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекенің астарында достық пен бірлікті, қамқорлық пен қайырымдылықты аманаттау ұғымы жатыр.

Жыл бойы аптап ыстық пен қытымыр қысқа қарамастан күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүрген жол саласының барша мамандарына алғыс айтамын!

Жол – мемлекеттің күретамыры. Сала мамандарының еңбегі ерен. Жолшылар тасжолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ел тұрғындары мен қонақтарын қар құрсауынан құтқарып, көктемгі су тасқынын алдын алып, ел өңірлерін байланыстыратын жолдардың құрылысымен айналасып, жыл бойы қажырлы еңбек етеді.

Ерен екбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық.

Сіздерді Алғыс айту күнімен тағы да құттықтай отыра, әрқайсыңызға саулық, құт-береке, толағай табыс тілеймін!

Еліміз аман болғай!